Тапсырманы өзгерту. Өзгерістерді шегіндіру

Тапсырманы өзгерту үшін:

  1. Консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
  2. Тапсырмалар қалтасының жұмыс аймағында тапсырманы таңдап, мәнмәтіндік мәзірдің көмегімен тапсырма сипаттары терезесіне өтіңіз.
  3. Қажетті өзгерістер енгізіңіз.

    Тапсырма ауқымынан шығарып тастау бөлімінде тапсырма таралмайтын салынған топтар тізімін конфигурациялауға болады.

  4. Қолдану түймесін басыңыз.

Тапсырма өзгерістері тапсырма сипаттары терезесінде, Тексерістер журналы бөлімінде сақталады.

Қажет болса, тапсырма өзгерістерін шегіндіре аласыз.

Тапсырма өзгерістерін шегіндіру үшін:

  1. Консоль ағашында Тапсырмалар қалтасын таңдаңыз.
  2. Өзгерістерін шегіндіру қажет болған тапсырманы таңдап, мәнмәтіндік мәзірдің көмегімен тапсырма сипаттары терезесіне өтіңіз.
  3. Тапсырма сипаттары терезесінде Тексерістер журналы бөлімін таңдаңыз.
  4. Тапсырманы тексеру тізімінде, өзгерістерін шегіндіру қажет болған тексеру нөмірін таңдаңыз.
  5. Кеңейтілген түймесін басыңыз да, ашылатын тізімнен Шегіндіру мәнін таңдаңыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Желі қорғанысын конфигурациялау

Басына оралу